Өрт, зілзала: Балабақшалар төтенше жағдай кезінде қалай әрекет етуі керек?

Табиғи апат айтып келмейді. Бірақ оған әр адам, әр мекеме дайын болуы керек. Өрт немесе басқа да төтенше жағдай болғанда балабақшадағы балалар мен тәрбиешілер не істеуі керек? Қандай алгоритм бойынша эвакуация жасауға тиіс? Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасының» Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің мамандары айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

- Алматыдағы жер сілкінісі жайлы бәріміз естідік, көрдік. Мұндай жағдайда не істеу керегін білмей, абдырап қалатынымыз жасырын емес. «Қарлығаш» балабақшасында бала қауіпсіздігі қалай сақталған? Ғимарат бейнебақылау, дабыл түймесі және басқа да қауіпсіздік жүйелерімен қамтамасыз етілген бе?

- Иә, балабақшада қауіпсіздік жүйесі толығымен сақталған. Дәлірек айтқанда, өрт дабыл жүйелері, дауыстық және дыбыстық хабарлама жүйелері жұмыс істеп тұр.

- Төтенше жағдай кезінде балаларды балабақшадан қалай эвакуациялау керек? Тәрбиешілер мен балабақшаның басқа да қызметкерлері төтенше жағдай кезінде не істеу керегін біле ме?

- Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Кәсіпорынның жеке құрамымен адамдарды эвакуациялау және шартты өртті сөндіру бойынша жылына екі рет өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізіледі.

Жаттығудың мақсаты - қатысушыларды өрттерге алдын ала дайындау, өрт сөндірудің алғашқы құралдарын пайдалану дағдыларын, білімдерін және өрт кезіндегі қауіпсіз әрекетті дамыту.

Оқу-жаттығу қалай жүргізіледі:

  • өрт кезіндегі жағдайды бағалауға үйрету;
  • барлау жүргізу, өртті сөндіру бойынша іс-қимылдың шешуші бағытын анықтау;
  • өрт сөндіру құралдары мен әдістерін таңдау;
  • өрт қауіпсіздігі күштері келгенге дейін жиналысты ұйымдастыру және күштер мен құралдарды орналастыру бойынша ұйымдастыру шаралары;
  • адамдарды құтқару және өрттерді сөндіру үшін қажетті жеке құрамның білімі мен дағдыларын жетілдіру;
  • адамгершілік және ерікті қасиеттерді қалыптастыру.

- Жалпы балаларды төтенше жағдай кезінде эвакуациялаудың алгоритмі қалай? Ең алдымен не істеу керек?

- Өрт немесе жану белгілері, яғни түтін, жанған иіс, температураның жоғарылауы анықталса, онда өртті бірінші болып анықтаған қызметкер қол өрт хабарлағышын дереу іске қосады. Кішігірім өрт кезінде (1 шаршы метрге дейін) бастапқы өрт сөндіру құралдарымен өртті оқшаулауды бастау керек, содан кейін бекітілген авариялық хабарландыру схемасына сәйкес әрекет ету керек.

Әр балабақшада тізімдегі дүниелер болуы керек:

  • Балаларды шұғыл эвакуациялау кезінде қызметкерлерді топтарға бөлудің (тағайындаудың) бекітілген тізбесі;
  • Шартты өртті сөндіру және адамдарды эвакуациялау жөніндегі құрамалардың бекітілген құрамы;
  • Авариялық-құтқару командасы;
  • Эвакуациялық комиссия;
  • Санитарлық пост;
  • Жиналатын жерде топтарды құру схемасы.

Жалпы балабақшаларда төтенше жағдайлар немесе басқа да жағдайлар туындаған кезде бекітілген хабарландыру схемасына сәйкес әрекет ету қажет.

- Уақыт бөліп, маңызды ақпаратты бөліскендеріңізге алғыс айтамын!

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы