Өрт сөндірушілерге қай уақытта қосымша ақы төленеді?
Павлодарлық өрт сөндірушілерге жуынгерлік шығу үшін қосмыша ақы қарастырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің Павлодардағы тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Жасұлан Жұмашевтың айтуынша, жалақы тек аумақтық органдардың қызметкерлеріне көтеріледі.
Мен және орынбасарларымның жалақысы 29%-ға өседі. Үстемеақы өртпен күреске барғандар үшін қарастырылған. Жалақы ең төменгі звено қызметкерлеріне көтеріледі, сонымен қатар, әр шығу үшін үстеме төленеді. Нақтырақ айтқанда, 60%-ға артады. Ал орташа звеноның жалақысы 40-50%-ға артады. Барлығы тілсіз жаудың күрделілігі мен шақыртудың дәрежесіне байланысты, - дейді Жасұлан Жұмашев.
Мамандардың есебінше, еңбек өтілі жоқ қатардағы жауынгердің жалақысы қарауыл бастығының айлығымен теңестіріледі. Атап айтқанда, 180-230 мың теңге аралығында болады. Құтқарушылардың да еңбегі көтеріледі. Шамамен 70%-ға артады. Адам құтқару, адам мүрделерін шығару сияқты қиын жұмыстар үшін де қосымша ақы болады.
Айта кетейік, өрт сөндіру қызметінің материалдық-техникалық базасы жыл сайын нығайтылып жатыр. Өткен жылы бес техника сатып алынған. Қазіргі уақытта жергілікті билік мен салалық министрлік формалық және жауынгерлік киім-кешекке де назар аударылып жатыр.