Өрт сөндірушілер Жетісуда жарылыстың алдын алды

Жетісу облысының құтқарушылары 2 газ баллонын эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Облыс орталығында Бұлақты көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйлердің бірінің ас үйі мен шаруашылық ғимаратының шатырынан өрт шыққан.

Өрт сөндірушілер барлау барысында табылған 2 газ баллонын тез арада шығарды. Себебі ішінде қысыммен газ қоспасы бар баллондардың жану аймағына түскенде жарылу қауіпті өте жоғары, - делінген ведомство хабарламасында.

Белгілі болғандай, өрт 30 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Өзгелердің жаңалығы