6 Қыркүйек 2024 2024, 02:13
Фото: pixabay.com
Өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден әйел адамды құтқарды
Өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден бір әйелді құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден бір әйелді құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Атырау қаласында Атамұра шағын ауданында жеке тұрғын үйде 8 шаршы метр алаңда жеке заттардың жануы орын алды. Өрт сөндіру жұмыстары барысында құтқарушылар 1968 жылы туған әйелді құтқарып, апаттар медицинасы орталығының қызметкерлеріне тапсырды. ТЖМ күштері өртті толығымен сөндірді, - делінген ведомство хабарламасында.
Өрттің себебі анықталып жатыр.
ТЖМ азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.