Өрт сөндірушілер жанып жатқан ғимараттан газ баллонын алып шықты

Өрт Алматы облысы Іле ауданының Байсерке ауылында орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сүйенсек, өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келген кезде 2 қабатты ғимаратқа жапсарлас салынған бір қабатты ғимараттың шатыры жанып жатқан.

Өртті сөндіру барысында өрт сөндірушілер жанып жатқан ғимараттан 1 газ баллонын алып шықты. Өрт сөндірушілердің жедел іс-әрекеттерінің арқасында жақын орналасқан автобөлшектер дүкеніне және 2 қабатты кешеннің ғимаратына өрттің одан әрі таралуына жол берілмеді.

Өрттің ауданы 150 шаршы метрді құрады. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.Өрттің себебі анықталуда, - деді ведомстводан.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Өзгелердің жаңалығы