Өрт сөндірушілер жанып жатқан автокөлікті 9 минут ішінде сөндірді

Өрт сөндірушілер жанып жатқан автокөлікті 9 минут ішінде сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, бүгін таң ата Көкшетау қаласы Сарыарқа шағын ауданында жеңіл автокөліктің мотор бөлігінде өрт орын алған.

Құтқарушылардың күштерімен жеңіл көліктегі өрт толығымен шақыру түскен сәттен бастап 9 минут ішінде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ,себебі анықталуда, - деп атап өтті ведомстводан.

Жол көлігінде төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалу қажет.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Өзгелердің жаңалығы