26 Шілде 2026, 10:18 Фото: видеодан скриншот

Өрт сөндірушілер жалын шарпыған үйден үш газ баллонын алып шықты

Газ баллоны уақытында шығарылып, ықтимал жарылыстың алдын алды.

Алматы облысының Іле ауданында Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндірушілері мен «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы жасағының мүшелері салынып жатқан жеке тұрғын үйдегі өртті сөндірді. Өртті сөндіру кезінде құтқарушылар ғимараттан газ баллонын шығарып, ықтимал жарылыстың алдын алды.

Өрт туралы хабарлама 112 қызметіне түскен. Оқиға Ашибұлақ ауылдық округіне қарасты Нұр-Атакент саяжайындағы салынып жатқан екі қабатты тұрғын емес үйде болған.

Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері мен Түймебай ауылынан келген еріктілер жедел жеткен. Барлау барысында өрттің бүкіл ғимаратты шарпығаны анықталды.

Өртті сөндіру кезінде құтқарушылар көлемі 27 литрлік газ баллонын қауіпті аймақтан алып шықты. Соның арқасында ықтимал жарылыс пен өрттің одан әрі таралуына жол берілмеді.

Өрт толық сөндірілді. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Төтенше жағдайлар министрлігі құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырды. Әсіресе газ баллондарын дұрыс сақтау және пайдалану ережелеріне ерекше мән беру қажет. Өйткені қауіпсіздік талаптарының сақталмауы өртке әкеліп, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.