Өрт сөндірушілер уақытылы келмейді. Комитет төрағасы құтқарушыларға тағылатын айыптарға жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен баспасөз брифингінде айтты.

Республика көлемінде ағаштан салынған ескі ғимараттардағы өртті сөндіруде қиындық туады. Ағаштан салынған өте көп. Электр жүйесінде тоқтың тұтануы болса, өрт ушығып, оны ауыздықтау қиынға соғады. Ал өрт сөндірушілер уақытында келмейді, өрт гидранттары жұмыс істемейді деп кінә тағып жатады ғой. Шын мәнінде, бізде әртүрлі көлемдегі өрт сөндіру техникалары бар. Егер 5 тонналығындағы су 5-6 минутта таусылса, гидранттан қайта су алуымыз керек. Осындай сындар атымызға келеді, - деді ол.
Дербісов атап өткендей, барлық міндетті орындау үшін тиісті жұмыстар істеліп жатыр.

Қазір өрт жағдайының азайып жатқаны да үлкен жұмыстың нәтижесі деп ойлаймын, - деді ол.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы