Өрт сөндірушілер қызметте жарақаттанса, қандай көмек ала алады

Елді мекендердегі өрт қауіпсіздігіне ерікті өрт сөндірушілер айтарлықтай үлес қосады. Осыған байланысты олардың қызметін қолдау мақсатында жаңа заң жобасында бірқатар материалдық ынталандыру шарасы ұсынылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Атап айтқанда, өрт сөндіруге қатысқан еріктілердің жалақысы сақталады, сондай-ақ олар негізгі жұмысынан уақытша босатылады. Сонымен қатар жарақат алу немесе қаза табу жағдайында арнайы өтемақы төлеу қарастырылған, - деді ТЖМ басшысы Шыңғыс Әрінов Мәжілісте.

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Арыновтың айтуынша, заң жобасының басты мақсаты – өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздікті күшейту, сондай-ақ халық пен аумақты төтенше жағдайлардан қорғауға бағытталған шараларды жетілдіру.

Жаңа өзгерістер ерікті өрт сөндірушілердің әлеуметтік қорғалуын арттырып, олардың қызметін тиімдірек ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов архив
Өзгелердің жаңалығы