Өрт сөндірушілер мемлекеттік медальдармен марапатталды
Бұл туралы Ақорданың ресми сайты мәлімдейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Ақорданың ресми сайты мәлімдейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қызметтік борышын атқаруда көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін наградталсын:
I дәрежелі «Айбын» орденімен
Забикулин Асқар Серікұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі жедел кезекшісінің көмекшісі;
III дәрежелі «Айбын» орденімен
Кемпіров Аян Алматұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 10 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі,- делінген хабарламада.
Забикулин Асқар Серікұлы – азаматтық қорғаныс капитаны
1994 жылы 5 қаңтарда Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы Казгородок ауылында туған.
ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтын тәмамдаған.
Еңбек жолын «Қарақөткел» ӨБ-9 өрт сөндіру постының қарауыл басшысы ретінде бастаған.
Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқар жұмыстары қызметі жедел кезекшісінің көмекшісі лауазымына 2021 жылы тағайындалған.
Кемпіров Аян Алматұлы – азаматтық қорғаныс аға сержанты
1988 жылы 5 мамырда Қостанай қаласында туған.
Қарағанды политехникалық колледжін сарапшы-механик мамандығы бойынша тәмамдаған.
Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 10 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі қызметіне 2021 жылы тағайындалған.