Өрт сөндірушілер Көлсай көлдеріндегі өрттің таралуына жол бермей жедел сөндірді

24 маусымда Көлсай көлдерінде алдын ала болжам бойынша 0,08 га алқапта орманның төменгі бөлігі өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ сілтеме жасап.

Сөндіруге 128 адам, ТЖД, "Көлсай көлдері" МҰТП, орман шаруашылығы, "Жалаңаш" шекара бөлімі, ЖАО, ІІМ өрт сөндіру бекеттері, медициналық қызмет, ветеринарлық бөлімнің 23 техникасы жұмылдырылды.

Жалпы күш-жігермен өрт сағат 07-53-те оқшауланып, сағат 11-45-те жедел түрде жойылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы