Өрт сөндірушілер Көкшетаудағы дала өртін сөндіріп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көкшетау қаласы маңындағы далада құрғақ шөп өртенді, деп хабарлайды Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Мәлімет бойынша, 7 шілдеде Подхоз кенті аумағында «Көкшетау – Щучье» тас жолының 7 шақырымы тұсында дала өртенді.
Қызыл жалын 20 гектар аумақты шарпыды. Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 96 адам және 10 өрт сөндіру техникасы, М.Ғабдуллин Азаматтық қорғау академиясының 28 қызметкері және 1 техникасы, «Бұқпа» орман шаруашылығы мекемесінің 25 қызметкері және 5 техникасы жұмылдырылуда. Өрттен зардап шеккендер жоқ, сондай-ақ елді мекендерге де қауіп төніп тұрған жоқ. Қазіргі кезде өртті сөндіру жұмыстары одан әрі жалғасуда, – дейді ведомстоводан.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Днепрде Қазақстан консулдығы ашылды
Өзгелердің жаңалығы