7 Шілде 2023 2023, 01:31 Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Өрт сөндірушілер Ертіс орманындағы тағы бір өртті сөндіруде

Бұл туралы Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

6 шілдеде сағат 18.56-да Шарбақты ауданындағы «Ертіс орманы» МОТР» ММ (Галкин орманшылығы, №66, 67 орамдар) аумағында шамамен 10 га алаңда құрғақ шөп пен орман (қарағай, жас талдар) жанды, - делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге орман шаруашылығы мен ТЖ департаментінен 31 адам мен 12 бірлік техникасы жұмылдырылған.

Өрттің шығу себебі анықталды.

Айта кетейік, 6 шілде күні сағат 10.05-те Шарбақты ауданындағы «Ертіс-Орманы» орманшылығында (Шалдай орманшылығы, №107 орам) ауданы шамамен 1,4 гектар құрғақ шөп жанған еді.