8 Маусым 2025 2025, 21:29
Фото: Видеодан кадр
Өрт сөндірушілер әйел адамды өрттен құтқарды
ТЖМ ескертеді: өрт қауіпсіздігі ережелері — өмірді сақтап қалады
Бүгін Қостанай облысындағы Рудный қаласындағы Качар кентінде көпқабатты үйдегі пәтердің ас үйінен өрт шықты.
Оқиға орнына дереу жеткен ТЖМ қызметкерлері түтін басқан пәтерге кіріп, терезе арқылы үй иесін эвакуациялады.
Әйел адам зардап шекпеген, медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ. ТЖМ ескертеді: өрт қауіпсіздігі ережелері — өмірді сақтап қалады.