Өрт сөндірушілер «Астықжандағы» өртті сөндірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық өрт сөндірушілер «Астықжан» сауда үйіндегі өртті сөндірді. Бұл туралы қаланың ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Елордалық өрт сөндірушілердің күшімен «Астықжан» СҮ-індегі өрт сөндірілді. Өрттің ауданы алдын ала болжам бойынша 7 000 шаршы метрді құрады, - делінген хабарламада.


Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылғы 2 қазанда сағат 09:42-де Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері Әл-фараби даңғылы, 28 мекенжайы бойынша өрт туралы келіп түскен хабарламаға жоғары шақыру нөмірі бойынша шықты.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер «Астықжан» сауда орталығының 3-қабатында жиһаз салоны жанып жатқанын анықтады. Өрт сөндіру орнында өрт сөндіру штабы ұйымдастырылды.


Оны Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД күштері мен құралдары, 105 адам және 26 техника, сондай-ақ коммуналдық қызметтің 8 суару-жуу машинасы жұмылдырылды.

Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін 2-қабаттың терезесінен 2001 жылы туған қыз өрттен өзін құтқару үшін секіріп кеткен. Ол «Универсал» жиһаз цехының қызметкері. Зардап шеккен қыз жедел жәрдем қызметкерлеріне берілді, жағдайы орташа дәрежеде, - делінген Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметі хабарламасында.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы