Өрт сөндіруші спортшылар. Еліміздің әйелдер құрамасы - Әлем чемпионы!

Бүгін Самарқанд қаласында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша әлем чемпионаты аясында ТЖМ әйелдер құрамасы өрт-сөндіру құтқару спорты бойынша әйелдер арасындағы VII Әлем чемпионатының жауынгерлік қанат жаюда әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 4 әйелдер командасы жауынгерлік қанат жаюдағы біріншілік үшін күресті. 

Өрт сөндіру-құтқару спортының бұл командалық түрі өртке келген кезде өрт сөндірушілердің іс-әрекеттерін қайталайды. Бұл кезеңнін мәні - магистральдық жеңқұбыр желісін тез әрі дұрыс төсеу және нысанды су ағынымен «зақымдау». Нысана ортасындағы тесік арқылы сыйымдылықты он литр сумен толтырғаннан кейін зақымданған болып саналады. 

Әйелдер командалары арасындағы жарыс Қазақстан Республикасының құрама командасының жеңісімен аяқталды. Нәтижесі 27,16 секундты құрады. 

2-орынды Ресей Федерациясының командасы, 3-орынды Беларусь және Өзбекстан Республикасының құрама командалары иеленді. 

Есте сала кетейік, 1 қазанда Өзбекстан Республикасының Самарқанд қаласында ерлер арасында өрт-сөндіру құтқару спортынан XVII Әлем Чемпионатының және өрт-сөндіру құтқару спортынан әйелдер арасында VІII Әлем чемпионаты басталған болатын.

Өрт-қолданбалы спорт – өрт сөндірушілер жеке құрамының жауынгерлік даярлығының құрамдас бөліктерінің бірі. Ол өрт сөндірушілердің дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Олардың төтенше жағдайларда әрекет ету қабілеті және тұтастай алғанда қызметкерлердің физикалық дамуына ықпал етеді. Сонымен қатар спортшылар жылдам, икемді, төзімді және күшті болулары керек. Бұл дағдыларды Қазақстан құрамасының спортшылары меңгерген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы