Өрт сөндіруші қызметтік міндетін атқару кезінде қаза болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін сағат 07:46-да Павлодар облысы Ақсу қаласының Ақсу шағын ауданында өрт болғаны туралы хабарлама түскен.
Төрт бөлмелі тұрғын үйде жалпы ауданы 80 шаршы метр өрт шарпыған. Өрт сағат 10:16-да оқшауланды, сағат 11:00-де толығымен сөндірілген. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.
Өрт сөндірушілер қызыл жалынмен күресіп жатқанда 1997 жылы туған Ақсу қаласы №12 өрт сөндіру бекеті бөлімшесінің командирі азаматтық қорғау сержанты Арыстанбек Машраптың жағдайы нашарлаған.
Өрт сөндіруші Ақсу ауылдық дәрігерлік амбулаториясына ес-түссіз күйде жеткізілген. Кейін дәргерлер оның қайтыс болғандығын хабарлады. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Сонымен қатар 1995 жылы туған № 12 өрт сөндіру бекеті бөлімшесінің командирі азаматтық қорғау кіші сержанты Ермек Тұрлыбеков ауруханаға жеткізіліп, Павлодар қаласының ауруханасына жатқызылды, - делінген хабарламада.
Қайтыс болған Арыстанбек Машрап азаматтық қорғау органдарында 2018 жылдан бастап қызмет атқарды. Павлодар қаласының тумасы, үйленген.
ҚР ТЖ министрлігінің ұжымы әріптесіміздің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты марқұмның жақындары мен туыстарына көңіл айтады, - делінген хабарламада.
Адамдарды құтқару үшін өз өмірін қиған ТЖ қызметкерлерінің ерлігі ерен. 1991-2021 жылдары аралығында қызметтік міндеттерін орындау кезінде азаматтық қорғау органдарының 53 қызметкері қайтыс болды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Әлемде аллергиясы бар адамдар көбейді
Өзгелердің жаңалығы