Өрт сөндіру спортынан Әлем чемпионы. Жеңімпаздар анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда «Шахтер» стадионында Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Әлем чемпионаты жалғасуда. 9 елдің үздік спортшылары кәсіби спорт түріндегі біріншілік үшін күресуде.

Бүгін 4х100 метрлік өрт эстафетасында бес әйелдер мен тоғыз ерлер командасы жарысты.

 Қатысушылар әрқайсысы 100 метрлік кедергілері бар төрт жолақты бағындырды:

- арнайы үйді баспалдақ таяқшасымен өту;

- шағын қоршаудан өту;

- жеңдермен жұмыс істеу және бөренелерді еңсеру;

- жанып жатқан сұйықтықты өрт сөндіргішпен сөндіру.

Эстафеталық таяқшаны өрт оқпаны алмастырады.

Біріншілік команданың барлық қатысушыларының қашықтықты ең аз өту уақыты бойынша анықталады.

Әйелдер командалары арасындағы сайыс нәтижесі бойынша табан тірескен жеңімпаз атанды:

1 орын – 60,36 секунд нәтижесімен Ресей Федерациясының командасы, құрамында Романова Анастасия, Стародымова Анна, Галичанина Анастасия, Чендакова Екатерина;

2 орын – 61,11 с нәтижесімен Беларусь Республикасының командасы, құрамында Москалева Виктория, Исакова Виктория, Пашей Наталья, Гоман Полина;

3 орын – 63,79 секунд нәтижесімен Қазақстан Республикасының командасы, құрамында Булыкина Кристина, Печатнова Любовь, Альмуханова Айрина, Дзолба Оксана.

Ерлер арасында үздік нәтиже көрсетіп, жеңімпаз атанды:

1 орын – 54,56 секунд нәтижесімен Беларусь Республикасының командасы, құрамында Тарасевич Антон, Плявго Руслан, Васильченко Николай,  Шапорев Максим;

2 орын – 56,95 секунд нәтижесімен Беларусь Республикасының командасы, құрамында Рабцевич Евгений, Черепко Никита, Ломейко Даниил, Бобр Виталий;

3 орын – 59,26 секунд нәтижесімен Чех Республикасының командасы, құрамында Клвана Даниел, Соукуп Доминик, Кленка Войтех, Крпец Павел.

Ертең чемпионаттың соңғы күні командалар жауынгерлік қанат жаюда бақ сынайды.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы