Өрт сөндіру-құтқару спорты. Қатысушылары өз шеберліктерін көрсетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ерлер мен әйелдер арасындағы өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша чемпионаттың үшінші күні қатысушылар өрт эстафетасында өз шеберліктерін көрсетті.

Командалық эстафета әрқайсысы 100 метрден болатын төрт кезеңнен тұрады. Спортшы өз кезеңінен өтіп, эстафеталық таяқшаны яғни, өрт оқпанын команданың басқа қатысушысына береді. Эстафеталық команданың 4-ші кезеңінің қатысушысы мәре сызығын өрт оқпанымен кесіп өтуі тиіс.

Бұл жарыста командалық рух, бірге әрекет ету қабілеті ерекше назарға ілінді. Сонымен қатар әр қатысушы өзінің жеке қасиеттерін көрсете білді. Жеңіс үшін барлық күш-жігердің қажет екені белгілі.

Жарыс қорытындысы бойынша ерлер командасы арасында жеңімпаз атанғандар:

Ақмола облысы-үшінші орын, 59,21. Құрамы: Савинцев Артур, Бегайдар Мадияр, Савон Дмитрий, Белхороев Рустам.

Екінші орынды Атырау облысының командасы иеленді, нәтижесі - 59,13. Құрамы: Құдайбергенов Бахрам, Айтжанов Батырхан, Құлмахамбетов Нұрлан, Тұрсынғазы Бексұлтан.

Бірінші орынды Нұр-Сұлтан қаласынын спортшылары 58,81 нәтижесімен иеленді. Құрамында: Омаров Дунай, Дүйсеков Мирас, Серікханов Тимур, Ильясов Асылзат.

Жарыс қорытындысы бойынша 01,09,88 нәтижесімен Нұр-Сұлтан қаласының әйелдер құрамасы командалық есепте әйелдер арасында 4х100 метр «Өрт эстафетасы» тапсырмасында үшінші орын алды. Команда құрамы: Серікханова Алла, Леухина Мария, Гептина Елена, Өмірзақова Зарина.

Екінші орында Павлодар облысының командасы, нәтижесі - 01,09,47.

Команда құрамы: Еремеевская Татьяна, Сутжанова Юлия, Фадюшина Евгения, Баран Анастасия.

Бірінші орынды Қостанай облысының командасы иеленді, нәтижесі - 01,06,74. Оның құрамында: Лукьянова Алена, Клименьтева Маргарита, Бажева Айнура, Дубинина Анастасия.

Ертең жарыстың соңғы күні, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау, сондай-ақ ерлер мен әйелдер арасындағы өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан чемпионаттарының салтанатты жабылуы өтеді.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы