Өрт салдарынан ер адам көз жұмған
Қостанай облысында өрт салдарынан 1936 жылы туған ер адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бүгін таңертең Аманқарағай ауылында үйінділерді тазалау кезінде 1936 жылы туған мүгедек азаматтың қаза болғанын анықтадық, - деді Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин брифингте.
Министрдің айтуынша, учаскелік полиция эвакуациялау кезінде оған да хабар берген, алайда ол эвакуациялау шараларынан бас тартқан.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы