Өрт қаупі жоғары: синоптиктер ескерту жариялады

Бүгін, 20 тамыз күні ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астанада найзағай ойнап, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Алматыда өрт қаупі жоғары болады. Шымкентте де төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысында найзағай күтіліп, күндіз жел күшейеді. Ақтөбе облысының солтүстігі мен шығысында найзағай болжанса, оңтүстігінде өрт қаупі бар. Алматы облысында да жоғары және төтенше өрт қаупі күтілуде.

Атырау облысының бірнеше аумағында найзағай ойнап, өрт қаупі сақталады. Жамбыл облысында желдің күші 15-20 м/с-қа жетіп, таулы аудандарда қаттырақ соғады. Жетісу облысында Алакөл маңында жел күшейеді.

Батыс Қазақстан облысында да 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қарағанды облысында тұман түсіп, оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болады. Қостанай облысында найзағай, бұршақ және тұман күтіледі.

Қызылорда облысында шаңды дауыл болжануда. Маңғыстау мен Павлодар облыстарында түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік Қазақстан облысында найзағай, бұршақ, дауыл болып, желдің екпіні 25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Түркістан және Ұлытау облыстарында да төтенше өрт қаупі сақталады.

Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарға ауа райының қолайсыздығына байланысты сақтық шараларын қатаң сақтауды ескертеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы