Өрт қаупі. Үкімет қосымша қаражат қарастырып отыр ма?

Қаржы министрлігі өрт қаупіне байланысты қосымша қаржы қарастырып отыр ма? Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл жыл басынан қаралған сұрақ. Өткені үкімет отырысында қай өңірлерле өрт қаупі бары туралы айтылды. Қандай шаралар қолданатыны жөнінде облыс басшылары есеп берді. Жалпы, жазға дайындық бар. Үкімет басшысы өңірлерге нақты тапсырмалар берді. Керек болған жағдайда үкімет резервінен қаржы ала аламыз, - деді Ержан Біржанов журналистермен кездесуде.

Өртке қарсы қызмет комитетінің мәліметінше, жыл басынан бері 27 орман өрті, 122 дала жануы тіркелген.

Былтыр жазда өрт қауіпті кезеңде 810 орман өрті болған, 116 мың гектардан астам орман жойылды. Экологияның зиянын есептемегенде тікелей материалдық зиян 163 млрд теңгеден асқан, - деді комитет.

Елімізде 18 мыңнан астам өрт сөндіруші, 3 300-ден астам әртүрлі функционалдық мақсаттағы техника бар.

Орман мен дала алқпатарында өрт қауіпсіздігін сақтау үшін 722 мобильдік топ құрылды. Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзған 631 адам 8 млн 113 мың теңге сомасына әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деді Өртке қарсы қызмет комитеті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы