"Өрт күшейіп барады": Қарағанды ​​облысында әкім тұрғындарға бейнеүндеу жолдады

Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданының әкімі Әділжан Арғынов Instagram желісіндегі ресми парақшасында аймақта болған өрт бойынша жағдайды баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Әкімнің сөзінше, өрт күшейіп жатыр, бірақ елді мекендерге жақын жерде емес. Жолдың бойында өрт жоқ. Кез келген техника елді мекендерге жете алады.

Құрметті жерлестер, кеше түннен бергі әлеуметтік желілердегі әсерлеріңізге рахмет. Сонымен қатар, өрт сөндіруге атсалысып жүрген азаматтарға да алғысымызды білдіреміз. Қазіргі таңда өрт сөндіру жұмыстарымен 562 адам айналысып жатыр. 81 техника жұмылдырылды. Құтқарушылар, сарбаздар таза ауыз су, азық-түлік, жатын орынмен қамтамасыз етілген. Техникаларда жанар-жағармай жеткілікті. Жолдың бойында өрт жоқ. Кез келген техника елді мекендерге жете алады. Тағы бір айтатын жағдай - әлеуметтік желілерде мал шығыны бойынша ақпарат шығуда. Бұл ақпарат ресми емес, - деді Әділжан Арғынов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Қарағанды облысының әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы