Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кешенді жоспар қандай?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты. Сондай-ақ ведомство басшысы 2021-2023 жылдарға арналған «Қазақстан Республикасы аумағында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің» кешенді жоспарының қамтылу аясына тоқталды.
Кешенді жоспарға өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік-құқықтық актілер мен нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеу мен қабылдау бойынша іс-шаралар енгізілді. Сондай-ақ жобалау мен құрылыстың барлық кезеңінде, әсіресе, тұрғын үй қорында өрт қауіпсіздігін бақылау, ақпараттық-түсіндіру және профилактикалық жұмыстарды жетілдіру мәселелері де қамтылатын болады, - деп атап өтті Төтенше жағдайлар министрі.
Сонымен бірге газ-техникалық қызметті дамыту, баллондағы газды өткізу мәселелерін реттеу де енгізіліпті.
Кешенді жоспардың аталған жобасын қызығушылық танытқан мемлекеттік органдар мен барлық өңірдің әкімдіктері мақұлдады. Оның үстіне, мемлекеттік жоспарлау құжаттарына талаптардың өзгеруіне байланысты, бұл Кешенді жоспар Жол картасы форматына ауыстырылды. Оны қайтадан мақұлдау шарасы жүргізіліп жатыр, - деді Юрий Ильин.
Еске сала кетейік, бұған дейін елімізде газдың жарылуынан 90-ға жуық адам зардап шеккені туралы жазған болатынбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Пәтердің шаршы метрі 600 мың теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін
Өзгелердің жаңалығы