25 Сәуір 2025 2025, 17:19 Фото: - архив

"Өрт болуы мүмкін". Қазгидромет қызыл аймақтағы 3 өңірді атады

"Қазгидромет" РМК өрт қаупі бар аймақтардың картасын ұсынды, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

"Қазгидромет" РМК өрт қаупі бар аймақтардың картасын ұсынды, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

"Қазгидромет" РМК алдағы күндерге арналған өрт қаупі болжамын жариялады. Мәліметке сәйкес, Қызылорда облысында, сондай-ақ Түркістан облысының батысында және шөлді аймақтарында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады. 

Сондай-ақ Маңғыстау облысының солтүстік-шығысы мен шығысында да жоғары өрт қаупі күтіледі.

Сонымен бірге, "Қазгидромет" РМК 2025 жылдың 15 сәуірі мен 15 қазаны аралығын қамтитын маусымдық өрт қаупі картасын әзірледі.