Үйден шыққан өрт әйелдің өмірін жалмады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда жекеменшік үйден шыққан тілсіз жау салдарынан 59 жастағы әйел қаза тапты. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.
"15 қазан күні сағат 22.22-де Алматының "101" пультіне Алатау ауданы Магаданская көшесіндегі жеке үйде өрт шыққаны туралы хабар түсті. Алғашқы өрт сөндірушілер келген уақытта үйдің шатыры өртеніп жатқан. Сағат 23.00-де 25 шаршы метрді шарпыған өрт сөндірілді. Өрт болған жерде 1960 жылғы үй иесінің денесі табылды. Сондай-ақ, күйік шалған 1987 жылғы ұлы ауруханаға жеткізілді. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр", - делінген таратылған хабарламада.
Өрт сөндіруге Алматы қалалық ТЖД жеке құрамының 17 қызметкері мен 4 арнайы техника жұмылдырылды. Полицейлер оқиға орнын қоршап тастады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Павлодардағы бұрынғы колония 1 теңгеге сатылуы мүмкін
Өзгелердің жаңалығы