Өрт аумағы – 600 шаршы метр: Алматыда екі қабатты коттедж өртенді

Алматы қаласында 8 маусымға қараған түні жаңадан салынып жатқан екі қабатты коттеджден шыққан ірі өрт сөндірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, өрттің жалпы аумағы 600 шаршы метрді құраған. Құтқарушылар қызыл жалынды ауыздықтап, үй ішінен үш газ баллонын қауіпсіз жерге шығарып, ықтимал жарылыстың алдын алды.

Өртті сөндіру барысында үйдің ағаш конструкциялардан тұрғызылуы қиындық туғызды. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда, – делінген ведомство хабарламасында.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Оқиға орнына жедел қызметтердің бірнеше тобы жұмылдырылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pexels
Өзгелердің жаңалығы