Бүгiн 2026, 00:30
Фото: Reuters
Ормуз бұғазындағы ахуал: Иран АҚШ пен Израильге ескерту жасады
Парсы шығанағы мен Ормуз бұғазындағы жағдайды тұрақтандыру үшін АҚШ пен Израиль Иранға қарсы шабуылдарын тоқтатуы қажет.
Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арагчи Парсы шығанағы мен Ормуз бұғазындағы жағдайды тұрақтандыру үшін АҚШ пен Израиль Иранға қарсы шабуылдарын тоқтатуы қажет екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Арагчи бұл қадам Ормуз бұғазы арқылы қалыпты кеме қатынасын қалпына келтіруге көмектесетінін атап өтті.
Естеріңізге салсақ, 2 наурызда КСИР генерал-майоры Эбрахим Джабари Ормуз бұғазы арқылы әлемдік мұнай экспортының бестен бір бөлігі өтетінін, әскери қақтығыстар кезінде оның жабылуы мүмкін екенін ескертті.
Ал 5 наурызда Иран СІМ бұғаз жабылмағанын, бірақ кемелер мен танкерлер екі жақтың шабуылынан қорқып, оны кесіп өтуге тырысатынын хабарлаған еді.