Бүгiн 2026, 04:15 Фото: istockphoto

Ормуз бұғазында жаңа тәртіп: Иран қатаң талаптар енгізді

Иран Ормуз бұғазы арқылы өтуге қатысты қатаң талаптар енгізді. Хаттама әскери кемелердің қозғалыс тәртібін белгілейді.

Иран Ормуз бұғазы арқылы өтуге арналған жаңа режим енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Сыртқы істер министрінің орынбасары Казем Гариб-Абади хаттама әскери кемелердің қозғалыс тәртібін белгілейтінін және коммерциялық кемелер үшін арнайы шарттарды қарастыратынын атап өтті.

Мен атап өткен хаттама әртүрлі аспектілерді қамтиды. Соның бірі – әскери кемелердің бұғаз арқылы өту тәртібін айқындау. Сонымен қатар коммерциялық кемелер үшін жеке ережелер мен арнайы шарттар белгіленеді, – деді ол сұхбатында.