Кеше 2026, 20:49 Фото: pixabay.com

Ормуз бұғазында мұнай тиеген үнді танкерлеріне қысым жасалды

Бұғаз арқылы өтіп бара жатқан екі сауда кемесі шабуылға ұшырағанын мәлімдеді.

Ормуз бұғазы маңында Үндістанға тиесілі екі танкерге Ислам революциясы сақшылар корпусының әскери-теңіз күштері қысым көрсетіп, салдарынан олар бағыттарын өзгертуге мәжбүр болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Иранның Tasnim агенттігінің мәліметінше, танкерлердің бірі ирандық әскери күштердің ескертулерін елемегеннен кейін ықпалға ұшыраған. Оқиға барысында атыс болуы мүмкін екені де айтылып отыр. Әңгіме шамамен 2 миллион баррель ирак мұнайын тасымалдаған ірі супертанкер (VLCC) туралы болып отыр.

Бұған дейін Reuters агенттігі бұғаз арқылы өткен кезде екі сауда кемесі шабуылға ұшырағанын мәлімдеген еді. Алайда оқиғаның нақты мән-жайы мен салдары әзірге белгісіз күйінде қалып отыр.

Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.