28 Қараша 2026, 01:29
Фото: depositphotos.com
Ормуз бұғазында мұнай танкері жарылды
КСИР мәліметінше, таңертең екі танкер бұғаздан тыйым салынған бағытпен өтуге әрекет жасаған.
Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы (КСИР) Ормуз бұғазының шығысында мұнай танкері теңіз минасына жарылып, өртке оранғанын хабарлады.
КСИР мәліметінше, таңертең екі танкер бұғаздан тыйым салынған бағытпен өтуге әрекет жасаған. Соның бірі минаға жарылса, екіншісі кері бұрылуға мәжбүр болған.
Тегеран 2 наурызда АҚШ пен Израильмен соғыс басталғаннан кейін Ормуз бұғазын жапқан. Ал Вашингтон 13 сәуірде Иранға қарсы теңіз блокадасын енгізген.
Британдық теңіз саудасы ұйымының (UKMTO) дерегінше, соғыс басталғалы Ормуз бұғазы мен оған жақын суларда 140-тан астам кемеге шабуыл жасалған.