Бүгiн 2026, 08:32
Фото: magnific.com
Ормуз бұғазында Гонконгқа тиесілі 100-ге жуық кеме тұрып қалды
Кемелердің бортында шамамен 2,3 мың теңізші бар. Әр кемеде орта есеппен 23 адамнан қызмет етеді.
Ормуз бұғазында Гонконгта тіркелген немесе гонконгтік компанияларға тиесілі шамамен 100 кеме бұғатталған. Бұл туралы Гонконг кеме иелері қауымдастығының төрағасы Ричард Хекст мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Оның айтуынша, кемелердің бортында шамамен 2,3 мың теңізші бар. Әр кемеде орта есеппен 23 адамнан қызмет етеді.
Егер кеме Ормуз бұғазында тұрып қалса, оны ол жерден шығару өте қауіпті. Себебі кез келген сәтте шабуылға ұшырау қаупі бар, – деді Хекст.
Қауымдастық басшысы қазіргі басты міндет экипаж мүшелерін азық-түлікпен, ауыз сумен қамтамасыз ету және оларға психологиялық қолдау көрсету екенін атап өтті.
Оның сөзінше, кемелердің аз бөлігі ғана зақымданғанымен, теңізшілердің психологиялық қысымы өте жоғары. Себебі олар шабуылдарды өз көзімен көріп, АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіс туралы ақпаратты тұрақты бақылап отыр.
Сонымен қатар Қытай билігі Ормуз бұғазы арқылы кемелердің еркін әрі қауіпсіз қозғалысын тез арада қалпына келтіруге шақырды.