Ормуз бұғазында 2 млн баррель мұнай тасымалдаған танкер жарылып, өртенді
Иран тарапының мәліметінше, танкер келісілмеген бағытпен жүріп, бақылау жүйесін өшірген.
Екі миллион баррельден астам мұнай тасымалдап бара жатқан супертанкер Ормуз бұғазында минаға жарылды.
Иранның Tasnim агенттігі Ислам революциясы сақшылары корпусының (ИИРСК) мәліметіне сілтеме жасап хабарлауынша, кеме Ормуз бұғазы арқылы өтуге қатысты Иран белгілеген ережелерді бұзған.
Иран әскери күштерінің мәліметінше, супертанкер алдын ала келісілмеген бағытпен жүрген және кеменің орналасқан жерін анықтауға мүмкіндік беретін бақылау жүйесі өшірілген.
Жарылыстан кейін кеме бортында өрт шыққан.
Зардап шеккендер мен кемеге келтірілген залалдың көлемі туралы әзірге ақпарат жарияланған жоқ.
Еске салайық, өткен аптада Ормуз бұғазының оңтүстік бөлігінде ірі супертанкердің бортындағы машина бөлімінде теңіз минасына жарылуы салдарынан жарылыс болып, өрт шыққан еді.