18 Тамыз 2026, 00:29 Фото: Kylie Cooper / Reuters

Ормуз бұғазы үшін тартыс: Трамп Оманға қоқан-лоққы жасады

Оман мен Иран қазіргі уақытта Ормуз бұғазындағы коммерциялық кеме қатынасын қалпына келтіру жолдарын талқылап жатыр.

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранды соғысты тоқтату үшін берілуге шақырды. Оның айтуынша, екі ел арасындағы келіссөздер әзірге нәтижесіз қалып отыр, деп хабарлады Reuters агенттігі.

«Олар ақ туды көтеріп, берілуі керек», – деді Трамп Fox News-ке берген телефон сұхбатында.

Сонымен қатар АҚШ президенті Ормуз бұғазындағы кеме қатынасын қалпына келтіру жөніндегі келіссөздерге араласқан Оманға қатаң ескерту жасады. Трамп Оман АҚШ-тың талаптарына кедергі келтірсе, елге соққы беретінін мәлімдеді.

Оман мен Иран қазіргі уақытта Ормуз бұғазындағы коммерциялық кеме қатынасын қалпына келтіру жолдарын талқылап жатыр. Бұғаз арқылы әлемдегі мұнай мен сұйытылған табиғи газ жеткізілімдерінің шамамен 20%-ы өтетін.

Трамп Иранның ядролық қаруға ие болуына жол бермеу АҚШ-тың негізгі мақсаты болып қала беретінін айтты. Ол сондай-ақ қарашадағы аралық сайлаудың Иранға қатысты стратегиясына әсер етпейтінін мәлімдеді.