Ормуз бұғазы: Еуропа мен Жапония кеме қатынасын қамтамасыз етуге дайын
Сонымен қатар, олар энергетикалық нарықтарды тұрақтандыруға бағытталған шаралар қабылдайтындарын айтты.
Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Нидерланды және Жапония Ормуз бұғазы арқылы коммерциялық кемелердің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету үшін халықаралық күш-жігерге қосылуға дайын екендіктерін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters-ке сілтеме жасап.
Сонымен қатар, олар энергетикалық нарықтарды тұрақтандыруға бағытталған шаралар қабылдайтындарын айтты.
Бірлескен мәлімдемеде елдер Иранның Парсы шығанағында азаматтық инфрақұрылымға, оның ішінде мұнай-газ нысандарына жасалған шабуылдарын айыптап, Ормуз бұғазын кеме қатынасы үшін жауып тастау әрекеттерін тоқтатуға шақырды. Халықаралық құқыққа сәйкес кеме қатынасының еркіндігі негізгі қағида болып саналатыны ескертілді.
Сонымен қатар, мәлімдемеде стратегиялық мұнай резервтерін үйлестіріп шығару, өндірісті ұлғайту үшін кейбір өндіруші елдермен ынтымақтастық, сондай-ақ ең көп зардап шеккен елдерге халықаралық қаржы институттары арқылы қолдау көрсету жоспары айтылды. Елдер теңіз қауіпсіздігі мен кеме қатынасының еркіндігі барлық мемлекеттер үшін маңызды екенін атап өтті.