Бүгiн 2026, 01:29
Фото: freepik
Ормуз бұғазы дағдарыс аймағына айналуы мүмкін: Иран ескерту жасады
Мәліметке сәйкес, бұғаз акваториясында кез келген әскери операция оның белгісіз мерзімге толық жабылуына әкелуі мүмкін.
Иран Ормуз бұғазында әскери әрекеттер басталған жағдайда оны толық жабуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Tasnim агенттігіне сілтеме жасап.
Мәліметке сәйкес, бұғаз акваториясында кез келген әскери операция оның белгісіз мерзімге толық жабылуына әкелуі мүмкін. Сондай-ақ АҚШ Иранға қарсы құрлықтағы әскери операция бастаса, Тегеран «симметриялы жауап қайтаруға толық құқылы» екені атап өтілген.
Бұл мәлімдеме The Wall Street Journal басылымының АҚШ-тың Таяу Шығысқа қосымша 10 мыңға жуық әскери жіберуі мүмкін екені туралы хабарынан кейін жасалды. Сонымен қатар Bloomberg деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Вашингтон Иранға қарсы құрлық операциясын жоспарлап отырған жоқ, бірақ жағдай өзгеруі мүмкін екені айтылуда.