+21

Орманнан табылған жасөспірімнің мәйіті кімге тиесілі екені анықталды

Австралияның Квинсленд штатындағы ұлттық парктен табылған сүйектер жоғалған 17 жастағы Фиби Бишопқа тиесілі екені расталды. Бұл іске байланысты екі адам кісі өлтірді деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі independent-ке сілтеме жасап. 

6 маусым күні Квинслендтегі Good Night Scrub ұлттық паркінің алқабынан табылған адам қалдықтарының кімге тиесілі екені белгілі болды. Полиция бұл мәйіттің 17 жастағы жасөспірім Фиби Бишопқа тиесілі екенін ресми түрде растады.

Фиби 15 мамыр күні Бандаберг әуежайына бет алған, Бірақ ұшағына отырмаған. Оны соңғы рет достары – 34 жастағы Джеймс Вуд пен 33 жастағы Тэника Бромли көлікпен шығарып салған. Қазір олар кісі өлтіру және мәйітті қорлау баптары бойынша айыпталып отыр.

Тергеу мәліметінше, жасөспірімнің денесі бірнеше рет басқа жерлерге көшірілген болуы мүмкін. Алайда оның жүк сөмкесі мен телефоны әлі табылмады.

Бұл қылмыстық істің барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жалғасып жатыр, - деп мәлімдеді полиция.

Фибидің анасы Кайли Джонсон қызының зорлықпен өлтірілгеніне әлі сене алар емес.

Фиби еркін рухты, жүрегі кең, өте адал қыз болатын. Оның жоғалуы бүкіл отбасымызға ауыр тиді, - деді ол.

Қоғамда үлкен резонанс тудырған бұл оқиға бойынша тергеу жұмыстары жалғасуда. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы