Орман үшін отқа түскен өрт сөндірушілер
Жыл сайын әлем бойынша миллиондаған гектар орман өртке оранып, табиғатқа, экономикаға және адамдардың өміріне үлкен қауіп төндіреді. Осындай жағдайда алдыңғы шепте жүріп, отпен күресетін орман өрт сөндірушілері, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Орман өртінің қауіптілігі оның болжамсыздығында. Желдің бағыты өзгерсе жалын бір сәтте бірнеше шақырымға дейін таралуы мүмкін. Осындай жағдайда жылдам шешім қабылдап, тактикалық ойлау мен командалық үйлесім аса маңызды.
Қазіргі таңда еліміздің әр аймағында жүздеген орманшы, өрт сөндіруші, инспекторлар тәулік бойы табиғатты қорғау ісіне өз үлесін қосып жүр. Солардың бірі ағайынды Жақыповтар. Серік Жақыпов өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі болып қызмет атқарса, Азамат Жақыпов орман өрт сөндірушісі болып жұмыс істейді.
Кейіпкерлеріміз орманды қалай қорғап жүр "Еңбекқор ел" жобасынан көре аласыздар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Негізгі мәселенің бәрі жеке бақылауымда – Президент
Өзгелердің жаңалығы