Орман өрті: Шымкентте қала күнін тойлау кейінге шегерілді

Шымкентте қала күні мерекесін атап өту кейінге шегерілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шымкент қаласы әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшасында қала күні кейінге шегерілгендігі туралы хабарлама жарияланды. Жыл сайын 19 маусымда аталып өтетін аталған мерекені шымкенттіктер алдағы уақытта Республика күнімен қатар тойлайтын болады.

Биыл Абай облысында орын алған орман өртіне байланысты Қала күніне жоспарланған мерекелік іс шараларды Республика күні қарсаңында өткізу жоспарлануда, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы