Орман алқаптарын көгалдандыру үшін 2 млрд ағаш отырғызылады

Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова ведомство алқасының кеңейтілген отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Сонымен қатар министр орман шаруашылығын дамыту бағытына тоқталды.  

Президенттің бастамасымен орман қоры жерлерін көгалдандыру мақсатында 2 млрд ағаш отырғызу жұмыстары жалғасуда. Былтыр 166 мың гектар алқапқа 239,0 млн ағаш отырғызылды. Биыл 188 мың гектар алқапқа 409 млн ағаш отырғызу жоспарланып отыр. Арал теңізінің құрғаған түбіне сексеуіл отырғызу жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Өткен жылы 250 мың гектар жерге фитомелиоративтік жұмыстар жүргізілді, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Сондай-ақ ол жыл басталғалы қандай жаңа заңдарға қол қойылғанын айтты. 

Жыл басында Мемлекет басшысы Өсімдіктер әлемі туралы заңға қол қойды. Сондай-ақ  Әкімшілік бұзушылықтар туралы Кодекске және Қылмыстық кодекске экологиялық бұзушылықтар мен вандализм көріністері үшін жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заңдар қабылданды, - деді Зүлфия Сүлейменова. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Экология және табиғи ресурстар министрлігінің басшысы елдегі суды тұтыну тарифі қайта қарастырылатыны туралы айтқан болатын. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы