Орфанды препараттар бойынша азаматтарды тіркеуге алу қиын

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «СК-Фармация» ЖШС бірыңғай дистрибьюторының қызметі және оның бюджет қаражатын жұмсау тиімділігі мәселелері бойынша өткен жұмыс кеңесі кезінде айтылды.

«СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиевтың айтуынша, ең алдымен, Жемқорлықпен күрес агенттігі (ЖКА) жұмысын ескере отырып, емдеу-еңбекпен түзеу профилакторийлерімен нарықта кездескен келеңсіздіктер тізбегі бойынша жұмыс тобы бақылау жүргізіп келеді.

Бізде олардағыдай бақылау мүмкіндігі болмағандықтан, біз реестр арқылы үлестіреміз. Қазір бірқатар позиция бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бүгінде осы жоба бойынша автоматты түрде халықаралық түпнұсқаға шықтық. Ал, сатып алуларды автоматизациялауға қатысты айтарым, бізде былтырдан бері аукцион толықтай автоматизацияланған. Былтыр 32 млрд теңгені үнемдедік. Биыл да 100%-дық автоматизация күтіп отырмыз. Мәселе қолжетімділікке қатысты болды. Естеріңізде болса, кейбір медициналық заттар конкурсқа тіркелмей қалған еді. Сол себепті, біз биыл тұтастай автоматизациялауға тырысып жатырмыз. Бұл дегеніміз – сертификаттардың автоматизациясы, яғни ол автоматты түрде жіберетін болады. Ешқандай да адами фактор болмайды, - деді ол.

Оның сөзінше, бұл - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің тапсырмасы.

Тағы бір маңызды мәселе – тіркеуге алу. Орфанды препараттар бойынша адамдарды тіркеуге алу қиын, себебі олар орын (тұрғылықты жерін) ауыстырып жатады. Қазір орфанды препараттарға қатысты нақты көлем болуы үшін осы мәселе қайта қаралып жатыр, - деді ол.
Кеңес барысында дәрі-дәрмектерді сатып алу және оларды денсаулық сақтау ұйымдары арасында бөлу, онкологиялық ауруларды емдеу үшін дәрі-дәрмек сатып алу, «жұлын бұлшықетінің атрофиясы» және «Дюшеннің бұлшықет дистрофиясы» диагнозы бар пациенттерді, оның ішінде балаларды дәрілік препараттармен қамтамасыз ету, ағзаларды транспланттаудан кейін қажетті дәрі-дәрмектерді сатып алу, өңірлік ЖИТС орталықтары үшін ВИЧ-инфекциясын анықтау үшін АРТ-препараттарды, тест-жүйелерді және СД-4 анықтау үшін реагенттерді сатып алу сияқты өзге де маңызды тақырыптар талқыланды.

Айта кету керек, іс-шараның бастамашысы және ұйымдастырушысы – Қазақстан Халық партиясының парламенттік фракциясы. Кеңеске Денсаулық сақтау министрлігінің, Қаржы министрлігінің, Ұлттық экономика министрлігінің, Бас прокуратураның және Қаржы мониторингі агенттігінің өкілдері қатысты.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы