ҰҚК бұрынғы басшысы «Барыс» орденімен наградталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ҰҚК экс-басшысы Сәт Тоқпақбаевқа мемлекеттік награда тапсырылды, деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.
«2019 жылғы 3 қыркүйекте ҰҚК Төрағасы Кәрім Мәсімов Орталық аппарат ғимаратында ұлттық қауіпсіздік органдарының ардагері отставкадағы генерал-полковник Сәт Бесімбайұлы Тоқпақбаевқа салтанатты жағдайда мемлекеттік награда – І дәрежелі «Барыс» орденін тапсырды», - делінген ҰҚК хабарламасында.
Кәрім Мәсімов оның Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін нығайтуға қосқан елеулі үлесін атап, оған мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ШҚО-да өз анасын тонаған күдікті ұсталды
Келесі жаңалық
Ақтөбеде 500 адам баспана құқығынан айырылған
Өзгелердің жаңалығы