Қордайдағы төбелес: Тоқаев дүнген баласының бейнежазбасына жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік органдар қызметкерлерінің салғырттығы арқасында арандатушылар қантөгіс жасады. Олар жазаланады.

Қордайдағы қанды төбелеске қатысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің твиттердегі парақшасында осылай жазды.

Бұл күндері азаматтарымыздан көптеген өтініштер келіп түсуде. Дүнген баласының бейнежазбасына назар аудардым. Жауап беремін: Менің міндетім - елімізде бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету, – деп жазды Тоқаев.

Сонымен қатар, оқиғаның ушығуына мемлекеттік органдар қызметкерлерінің салғырттығынан болғанын айтты.

Мемлекеттік органдар қызметкерлерінің салғырттығы арқасында арандатушылар қантөгіс жасады. Олар жазаланады. Мемлекет зардап шеккендерге қолдау көрсетеді. Бейбітшілік пен келісім біздің басты байлығымыз, оны бұзуға ешкімнің құқығы жоқ, – деді мемлекет басшысы

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы