Коммунистер: Қазақстан – біздің ортақ үйіміз
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында болған жаппай төбелеске қатысты Қазақстан Коммунистік Халық партиясы өз көзқарастарын білдірді.
Құрметті қазақстандықтар! Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Жамбыл облысының Қордай ауданындағы тәртіпсіздік салдарынан қаза болған азаматтардың отбасына қайғырып көңіл айтады. Коммунистер адам шығыны орын алған оқыс оқиға объективті түрде тексеріліп, кінәлілер қатаң жауапқа тартылуы тиіс деп санайды. Біз интернационализм идеясы мен халықтар бауырластығы насихатталатын көпұлтты елде бұзақылардың бассыздығы түрлі этностар арасында қалыптасқан достық қарым-қатынасқа сына қаға алмайтынына сенеміз, – деді.Сондай-ақ коммунистер қазақстандықтарды арандатушылыққа ұрынбауға шақырды.
Біз ақыл - жеңеді, ашу - басылады, шындық - анықталады, құқық қорғаушылар кінәлілерді тауып, жазасын береді, ал бауырларымыз бен қарындастарымыздың шаңырағына тыныштық орнайды деп үміттенеміз! Қазақстан - біздің ортақ үйіміз, әрқайсымыз оның қауіпсіздігі мен тұрақтылығына жауаптымыз! Біздің қуатымыз біздің тұтастығымызда. Біз бірге болғанда ғана сын-қатерлерге төтеп береміз! Қазақстан Коммунистік Халық партиясы тергеу жұмыстарының объективтілігін бақылауда ұстайды және қоғамдық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыруды талап етеді, – дейді коммунистер.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Дүнген деген қандай ұлт
Келесі жаңалық
Түркістан облысында сексеуіл тұқымын себу науқаны басталды
Өзгелердің жаңалығы