Қордайдағы төбелес. Екі полицияға оқ тиді, 47 адам ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысының Қордай ауданындағы жаппай төбелеске қатысқан 47 адам ұсталды. 

Жаппай төбелестен 40-тан астам жарақат алып, 8-і қаза тапты. Қоғамдық тәртіпті сақтау және заңсыз әрекеттерді болдырмау жөніндегі қызметтік міндеттерін орындау кезінде полиция қызметкерлері түрлі жарақаттар алды, оның ішінде екеуіне оқ тиді, - дейді Ерлан Тұрғымбаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. 

Оның айтуынша, қазіргі кезде 47 адам ұсталған. 
Осы оқиға бойынша 47 адам ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Олардан екі аңшы қаруы тәркіленді. ҚР қылмыстық кодексінің 272-бабы (жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру және соған қатысу) және 99-бабы (кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қоғамдық тәртіпті бұзғандардың бәрі де заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады. Қоғамдық тәртіпті қадағалау мақсатында оқиға орнында қазіргі уақытта полиция қызметкерлері мен ұлттық ұлан сарбаздары жұмылдырылған, - деді  министр. 
Айта кетейік, 7 ақпада Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Сортөбе ауылында патрульдік полиция "Honda Odyssey" маркалы көлігін тоқтатқан. Ресми мәліметке сәйкес, көліктің мемлекеттік нөмірі талаптарға сай болмаған. Ал құжатты тексеру кезінде өзге де заңбұзушылық анықталған. Ол адамдар полиция қызметкерлерінің учаскелік бекетке бару талабын орындамай, қашып құтылуға тырысады. Сөйтіп, өз үйіне қашып келеді. Сол жерде оған туыстары көмектесіп, полицейлерге жабылады.

Еске сала кетейік, бүгін президент осы оқиғаға байланысты арнайы мәлімдеме жасады. Мемлекет басшысы қаза тапқан азаматтардың отбасыларына көңіл айтып, зардап шеккендердің сауығып кетуіне тілектестік білдірді. Қордайдағы төбелестен кейін, шекара күзеті күшейтілді.  Жамбыл облысындағы жаппай төбелеске қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы