Қордайдағы төбелес. Алматыдағы бірқатар базар жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысының Қордай ауданындағы жаппай төбелестен кейін Алматыдағы Барахолка базары уақытша жабылды. 

Бүгін әлеуметтік желідегі Орта Азия көлеміндегі ірі базарлардың бірі – Алматыдағы барахолканың жабылып қалғанына қатысты ақпарат тараған. Осыған байланысты ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев пікір білдірді. 
Сіздер түсінулеріңіз керек. Өйткені, соның ішінде барахолка базарында қақтығыс жасауға үндеу жасалған. Осыған сәйкес сақтық шаралары күшейтілді, - дейді Дәурен Абаев. 
Әлеуметтік желілерде санитарлық күн деп Алматыдағы Байсат", "Барлық", "Ялян", "Рахат", "Барыс", "Алатау", "Болашақ", "Мизам", "Арлан", "Өжет", "Ақ-Бұлақ", "Кенжехан" базарлары уақытша жабылғаны айтылып жатыр. 

Еске сала кетсек кеше Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Сортөбе ауылында патрульдік полиция "Honda Odyssey" маркалы көлігін тоқтатқан. Мәліметке сәйкес, көліктің мемлекеттік нөмірі талаптарға сай болмаған. Құжатты тексеру кезінде өзге де заңбұзушылық анықталған. Олар полиция қызметкерлерінің учаскелік бекетке бару талабын орындамаған, қашып құтылуға тырысқан. Өз үйіне қашып келген. Сол жерде оған туыстары көмектесіп, полицейлерге жабылады. Оқиға куәгерлері болған о қиғанывидеоға түсіріп, әлеуметтік желі арқылы таратқан. Осыдан соң ел жиналып, арты жаппай төбелеске ұласқан. 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы