Қордайдағы төбелес: Алматыда 24 адам қамауға алынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда соңғы екі ай ішінде Қордайдағы жаппай тәртіпсіздікке қатысы бар деген күдікпен 24 адам қамауға алынды, деп хабарлайды zakon.kz.
Наурыз айының соңында Жамбыл облысында, Алматы мен Шымкентте Қордайдағы жаппай тәртіпсіздікке белсене қатысқандарды ұстау үшін арнайы операция өткізілді. Оның аясында қауіпсіздік күштері 25 адамды ұстады, олардың 7-еуі бұрын сотталған. Олар Алматыға жеткізілді.
14 сәуірде Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі күдіктілер екі айға қамауға алынғанын хабарлады.
Сот 24 адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабы 2-бөлімі, яғни "Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу" бойынша екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді, – делінген хабарламада.7 ақпанда сағат 19:00 шамасында Қордай ауданына қарасты ауылдың шетіне 70-ке жуық агрессивті адамдар жиналып, топтық төбелестің басталуына түрткі болған. Қақтығысқа 300-ге жуық адам қатысты.
Төтенше оқиға салдарынан 185 азамат зардап шекті, оның 34-і ауруханаға жеткізілді, 11 адам қайтыс болды. Сонымен қатар үйлер, коммерциялық нысандар мен көліктер өртенді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы