7 Мамыр 2023 2023, 01:28
Фото: inform.kz
«Ордабасы» командасы «Қайсарды» ірі есеппен жеңді
Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 8-турында «Ордабасы» «Қайсардан» басым түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 8-турында «Ордабасы» «Қайсардан» басым түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кездесу барысында алаң иелерінің басымдығы байқалып тұрды. Ойынның бірінші кезеңінде, 37-минутында «Ордабасы» сапынан Асхат Тағыберген көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.
Екінші кезеңде алаң иелері сапынан Бобур Абухаликов 52, Темірлан Ерланов 76-минутта гол соқса, 92-минутта Айбар Жақсылықов қорытынды есепті белгіледі.
Осылайша, «Ордабасы» қарсыласынан 4:0 есебімен басым түсті.