«Ордабасы» Грузия командасын жеңді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Шымкенттің «Ордабасы» командасы Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінде Грузияның «Торпедосымен» кездесті.
Шымкенттегі алғашқы ойын 1:0 есебімен аяқталған. Бұл жолы қарымта матч Грузия астанасы Тбилиси қаласында өтті. «Ордабасының» басты мақсаты қорғаныста берік ойнап, ойындағы есепті тең күйінде сақтап қалу болатын. Бапкер қойған талаптарды бұлжытпай орындаған ойыншылар «Торпедо» командасының шабуылдарына дер кезінде тойтарыс беріп отырды.
Екінші таймда команданың бас бапкері Кахабер Цхададзе Зиги Бадибанга мен Мирзад Механовичті алаңға шығарды. Екі футболшының ойынға араласуымен шабуыл шебіне қан жүгірді. Соның арқасында гол да соғылды. Алдымен, Механович көзге түсті. Одан кейін Бадибангаға матчтың нүктесін қойды. Қорытынды есеп - 0-2.
Енді «Ордабасы» екінші раундтағы кездесуін Чеxияның «Млада-Болеслав» командасымен өткізеді.
«Торпедо» (Кутаиси, Грузия) - «Ордабасы» (Шымкент, Казақстан) - 0:2
Голдар: М.Механович, 81 (0:1). З.Бадибанга, 90+4 (0:2).
Алғашқы кездесу : 0:1
«Торпедо»: Квасхвадзе, Табатадзе (Ионанидзе 80), Небиеридзе, Чичинадзе, Хурцилава, Цинцадзе, Пониава, Капанадзе (Чогадзе, 61), Кобахидзе, Надарая, Долидзе (Цицкишвили, 59)
«Ордабасы»: Непогодов, Махлангу, Ерланов, Ковальчук (Механович, 73), Быстров, Диакате, Малый, Досмагамбетов, Фонтанельо, Жоао Пауло (Шамши 86), Щеткин (Бадибанга, 61)
Бас төреші : Аристотель Диамантопулос (Грекия)
18 шілде. Тибилиси қаласы «Михаил Месхи»стадионы