Ордабасы ауданында кәсіпкерлердің қатары артып келеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Ордабасы ауданында жыл басынан бері жергілікті деңгейдегі кәсіпкерлер мен шағын несие ұйымдары арқылы 2241 адамға 1 млрд 314,9 млн. теңге несие үлестірілді.
Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Нәтижесінде ауданда мал, егін шаруашылығы, сауда, қызмет тауар айналымын ұлғайту, жылыжаймен айналысатын азаматтардың қатары артты.
Жеңілдетілген несие арқылы бастауыш және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік нысандарына қолдау білдіріп отырған несие ұйымдарының қатарында "Ырыс" МҚҰ ЖШС, "КазМикроФинанс", "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" ЖШС, "Төрткүл несие" ШНҰ, "АгроНесиеОрдабасы" ЖШС және "Арнур кередит"несие ұйымы бар.
Айта кетейік, аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков кәсіп ашуға ниетті азаматтарды қолдау үшін несиеге қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берген-ді. Осы тапсырмаға сәйкес, кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру жұмыстары қарқынды түрде жүзеге асырылуда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматы облысында Сервистік әкімдіктер саны артпақ
Өзгелердің жаңалығы